Серикбаев
Заманбек Махмутович
Білім беру ұйымдарында тәрбие процесін ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуді, кәсіптік бағдар беру жұмысын ағымдағы және стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз етеді, олардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады. Сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің, кітапханашылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және дене шынықтыру-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру оқытушыларының қызметін үйлестіреді.
Тәрбие жұмысына талдау жүргізеді.
Білім алушыларға салауатты өмір салты нормаларын дарыту бойынша дене тәрбиесі процесін, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық жұмыстарды дамытуды үйлестіру бойынша жұмысты жүзеге асырады.
Патриоттық, азаматтық, интернационализм, жоғары мораль және адамгершілік қалыптастыру, білім алушылардың жан-жақты мүдделері мен қабілеттерін дамыту бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады, оқу-материалдық базаны нығайту бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Қоғамдық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналармен және ата-аналар комитеттерімен тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарының әкімшілігі, қызметтері мен бөлімшелері өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді.
Білім беру ұйымдарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасауды қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді. Тәрбие жұмысының нәтижелері туралы есеп береді.
Қабылдау уақыты: бейсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Байланыс телефоны: 8 (71636)91247
E-mail: sxkolledg@mail.ru