ҚАШЫҚТЫҚТЫҚ-СЫРТТАЙ БӨЛІМ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

20.03.2019

 

1 ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының  2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім беру» туралы № 319-III Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2013 жылдың 17 мамырындағы № 499 «Білім беру ұйымдары қызметінің типтеріне сәйкес Үлгілік ережелерін, соның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы Үлгілік ережелерді бекіту туралы» Қаулысына сәйкес әзірленді.

1.2. Қашықтықтық-сырттай бөлім Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы, ауылшаруашылық колледжі»МКҚК (әрі қарай колледж) құрлымдық бөлімшесі болып табылады.

1.3. Қашықтықтық-сырттай бөлімде орта жалпы білім беру базасындағы тұлғалар білім алады.

1.4. Білім алушыларды оқыту орта (толық) жалпы білім беру базасындағы тұлғалар үшін Колледждегі мамандықтар бойынша оқу жоспары негізінде әзірленген қашықтықтық-сырттай бөлімнің жұмыс оқу жоспары бойынша жүргізіледі.

1.5. Қашықтықтық-сырттай оқыту нысанында даярлаудың негізгі деңгейін іске асыру барысында, орта толық жалпы білім беру базасындағы, ТжКБ мамандықтары бойынша негізгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын игерудің нормативтік мерзімі күндізгі оқыту нысанымен тең.

1.6. Мамандықтардың оқу жоспарындағы оқу үдерісінің кестесінде сессия, диплом алды тәжірибе, қорытынды мемлекеттік аттестаттау шартты түрде көрсетілген.

1.7. Мамандықтардың оқу жоспары және оқу үдерісінің кестесі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен әзірленеді және колледж директорымен бекітіледі.

1.8. Оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі нысаны колледждің электрондық білім беру порталы арқылы қашықтықтық жұмыс және зертханалық-емтихан сессиясы болып табылады.

1.9. Сессия қашықтықтық-сырттай оқыту нысанындағы  білім алушылардың оқу қызметін басқаруды қамтамасыз етеді және келесі жұмыстарды анықтау мақсатында жүргізіледі:

-       пәндер немесе пәндер қатары бойынша теориялық білімнің тұтастығы;

-    зертханалық жұмыстарды орындау және тәжірибелік тапсырмаларды шешу барысында алынған теориялық білімдерін, іскерлікпен қолдануды қалыптастыру;

-   оқу әдебиеттерімен, оқу-әдістемелік материалдармен өздік жұмыстарының болу іскерлігі;

-   мамандықтар бойынша Мемлекеттік талаптармен түлектерді даярлау сапасы және деңгейінің сәйкестігі.

1.10. Оқу жылындағы сессияның жалпы ұзақтығы мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан өту сессиясын қоспағанда, 20 күнтізбелік күнді құрайды.

1.11. Қашықтықтық-сырттай бөлімдегі оқу қызметінің түрлері:

-  Шолу және белгіленген сабақтар.

-  Дәріс сабақтары.

-  Зертханалық және тәжірибелік сабақтар.

-  Аудиторлық және үй жұмысы бойынша бақылау жұмыстары.

-  Курстық жұмыстар (жобалар).

-  Аралық аттестаттау.

- Консультациялар.

- Өндірістік (кәсіптік) тәжірибе.

- Мемлекеттік қорытынды аттестаттау

1.12. Қашықтықтық-сырттай бөлімнің білім алушыларына қалыпты үлгідегі сынақ кітапшасы беріледі.

 

2 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1. Қашықтықтық-сырттай бөлімдегі оқу үдерісі, оқу үдерісінің кестесіне сәйкес ұйымдастырылады. Оқу жылына әзірленген оқу үдерісінің кестесінде әрбір оқу топтары үшін жеке  сессияларды, диплом алды тәжірибені, қорытынды мемлекеттік аттестаттауды жүргізу мерзімі және ұзақтығы белгіленеді.

2.2. Оқу жылында міндетті оқу (аудиторлық) сабаққа 160 сағат бөлінген.

2.3. Пәнді оқытуға бөлінген, сағат саны, ҚР МЖМБС талаптар және мамандықтар ерекшеліктеріне сәйкес, Колледжбен өздігінен анықталады.

2.4. Сессияға бөлінген жалпы уақыт ұзақтығы білім алушылар контингенті және білім беретін колледждің жұмыс ерекшеліктеріне орай бірнеше бөлікке (сессия кезеңдері) бөлінуі мүмкін.

2.5. Сессия кезінде болады: дәріс сабақтары, тәжірибелік сабақтар, зертханалық жұмыстар, курстық жобалар, консультациялар, аралық аттестаттау, демалыс күндері.

2.6. Міндетті аудиторлық сабақтардың ұзақтығы күніне 10 оқу сағатынан аспайды және оқу сабақтарының кестесі бойынша жүргізіледі.

2.7. Сессиядағы сабақ ксетесі оқу үдерісінің кестесіне сәйкес құрастырылады.

2.8. Білім алушыларға сабақтарды және аралық аттестаттауды жексенбі және мереке күндері қою жоспарланбайды. Емтихан өтетін күні оқу қызметінің басқа түрлері жоспарланбауы керек.

2.9. Оқу жылында оқытылған, барлық пәндер бойынша әрбір білім алушыға жылына есептен 4 сағат консультациялар жоспарланған, консультациялар топқа немесе жеке түрде сессия кезінде және сессия арасында жүргізіледі.

2.10. Аралық аттестаттау кезінде болады: емтихандар, сынақтар, қорытынды жазба сыныптық (аудиторлық) бақылау жұмыстары, курстық жұмыстар (жобалар). Аралық аттестаттауды жүргізу нысаны және тәртібі оқу жоспарымен белгіленеді.

2.11. Емтихан, курстық жұмыс (жоба) қарастырылмаған пәндер бойынша осы пәнді игеруге бөлінген, уақыт есебінен сынақ немесе қорытынды бақылау жұмысы жүргізіледі.

2.12. Курстық жұмыс (жоба) күндізгі оқыту нысаны үшін үлгілік оқу жоспарында қарастырылған және көлемімен, осы пәнді игеруге бөлінген уақыт есебімен орындалады.

2.13. Сессия аралық кезеңде бейне сабақ, онлайн-сабақ, қашықтықтан тестілеу, оқу жылында оннан аса, ал жеке пәнге екеуден аса сағат бөлінген үй жұмысына берілген бақылау жұмыстары орындалады.

2.14. Пән бойынша аралық аттестаттауға жеке оқу кестесін орындаған білім алушы жіберіледі.

2.15. Өндірістік тәжірибе күндізгі оқыту нысаны үшін қарастырылған көлемде іске асырылады. ҚР МЖМБС талаптарымен қарастырылған, тәжірибенің барлық кезеңдері орындалуы керек.

2.16. Алғашқы кәсіби дағдаларды алу тәжірибесі, мамандықтар бейіні бойынша тәжірибе, әңгімелесу түріндегі есепті қорғаумен өздігінен білім алушымен іске асырылады.

2.17. Дипломалды (біліктілік) тәжірибесі барлық білім алушылар үшін міндетті болып табылады, соңғы сессия кезінде және мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан бұрын жүргізіледі. Диплом алды (біліктілік) тәжірибесі 4 апта көлемінде білім беретін колледждердің жолдамалары бойынша іске асырылады.

2.18. Мамандықтар (туысқан мамандықтар) бейіні бойынша еңбек өтілі бар, білім алушылар немесе алған біліктіліктеріне сәйкес лауазымдық қызмет атқарушылар тәжірибеден өтуден босатылады.

2.19. Оқу үдерісінің кестесінде тек қана дипломалды тәжірибе көрсетіледі, ал жұмыс оқу жоспарының «Өндірістік тәжірибе» тарауында – нақты мамандықтар бойынша ҚР МЖМБС талаптарында қарастырылған тәжірибенің барлық кезеңдері белгіленеді.

2.20. Мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың (МҚА) түрлері ҚР МЖМБС белгіленген және нақты мамандық бойынша күндізгі оқыту нысаны үшін үлгілік оқу жоспарында белгіленген.

2.21. Бітірушінің біліктілік жұмысын орындау және қорғау үшін оқу үдерісінің кестесінде 6 апта жоспарланған.

 

3 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ

 3.1. Әрбір оқу курсына сессияны өткізу мерзімі, бақылау жұмыстарының саны, оларды орындаудың күнтізбелік мерзімі, стандарт бойынша пән атаулары көрсетілген топтардың оқу кестесі әзірленеді.

3.2. Оқу кестесі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен әзірленеді және сессия басында Білім алушыларға беріледі.

3.3. Оқу ксестесі шартты болып табылады, егер оқу үдерісі кезінде білім алушы оқытудың желілік түрін қаласа немесе оқытудың жеке түріне өтуді қалауымен жүргізіледі.

3.4. Оқу ксетесін орындаушы білім алушыға, қалыпты үлгідегі шақыру анықтамасы негізінде орташа жалақысы сақталуымен қосымша демалыс алу құқы ұсынылады.

3.5. Орташа жалақысы сақталуымен қосымша демалыстың жалпы ұзақтығы ҚР еңбек заңнамасындағы нормалармен белгіленеді.

3.6.  Шақыру анықтамасы сессия басталғанға дейін екі апта бұрын білім алушыға беріледі. Сессияның бірінші күні шақыру анықтамасын беруге жіберіледі.

3.7.  Орташа жалақысы сақталуымен қосымша демалысқа арналған шақыру анықтамасы «Анықтамаларды тіркеу журналында» тіркеледі.

3.8.  Сессияның басында оқу үдерісінің кестесін себебі болуымен орындамаған, білім алушыға (медициналық анықтама, өндірістік қажеттілік, отбасы жағдайы, растайтын құжаттар) оны орындау үшін басқа мерзім белгіленеді, сонымен қатар осы сессияға қарастырылған, орташа жалақысы сақталуымен қосымша демалыс алуына құқы бар.

3.9. Сессия мерзімін ауыстыру Колледж бұйрығымен ресімделеді, сонымен қоса, Білім алушы үшін оқу жылына (семестрге) жеке оқу үдерісінің кестесі әзірленеді және емтихандар мен сынақтарды тапсыру үшін жеке ақпартізім беріледі.

3.10. Білім алушы шақыру анықтамасынсыз сессияға қатысуға құқы бар. Бұл жағдайда ол орташа жалақысы сақталуымен қосымша демалыс оған ұсынылуынсыз оқу үдерісінің кестесін орындауға жіберіледі.  

3.11. Оқу бөлімі емтиханға жіберілген Білім алушылардың тізімімен емтихан ақпартізімін дайындайды.

3.12. Пән бойынша емтиханға немесе сынаққа жіберу, зертханалық және тәжірибелік жұмыстардың, курстық жұмыстардың, үйге берілген бақылау жұмыстарының болуын тексерумен пән оқытушысы шешеді.

3.13. Сессия аяқталғаннан кейін оқу бөлімінің хатшысы топтар бойынша қорытынды бағалардың ақпартізімін құрастырады,  нәтижелерге талдау жүргізеді, оқу кестесін орындамау себептерін белгілейді, қарыздарды жою бойынша шараларды қабылдайды.

3.14. Емтихан сессиясын тапсырмаған немесе қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар, сессия аяқталуы бойынша бір айдан кешіктірмей, туындаған қарызды жоюға міндетті.

3.15. Оқу жылы кезінде оқу бөлімінің рұқсатымен, білімді тереңдету және бағаны көтеру мақсатында бір емтиханды немесе сынақты қайта тапсыруға жіберіледі. Емтиханды қайта тапсыру емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін бір ай ішінде рұқсат етіледі.

3.16. Соңғы курста, тәжірибе басталғанға дейін, оқу бөлімінің рұқсатымен ертеде оқытылған, жеке пәндер бойынша бағаларды арттыру мақсатында, 2 емтихан немесе сынақты қайта тапсыруға жіберіледі.

3.17. Емтиханды немесе сынақты қайта тапсыру үшін оқу бөлімімен «Қайта тапсыру жолдамасы» беріледі, мұнда білім алушының тегі, аты, әкесінің аты курсы, пән атауы, пән оқытушысының аты жөні, преподаватель проставляет оценку за пересдачу, дату көрсетіледі.

3.18. Сессия нәтижесі бойынша үш немесе одан да көп қарыздары бар, білім алушылар белгіленген мерзімде оларды жоймаса Колледжден шығарылады.

3.19. Мекемеден шығарылған білім алушы, соның ішінде оның басқа білім беретін Колледжге ауыстырылуы барысында, академиялық анықтама беріледі.

3.20. Аралық аттестаттау нәтижесі негізінде бөлім меңгерушісі, оқу үдерісінің кестесін табысты орындаған, білім алушыны келесі курсқа ауыстыру туралы бұйрық жобасын дайындайды. 

3.21. Қорытынды мемлекеттік аттестаттауды белгіленген тәртіпте өткен түлекке мемлекеттік үлгідегі орташа кәсіптік білім туралы диплом және оның қосымшасы беріледі.

3.22. Қашықтықтық-сырттай оқыту нысаны бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру және жүргізу тәртібімен байланысты, басқа сұрақтар, белгіленген тәртіпте білім беретін Колледжбен шешіледі.

 

4 ТАРАУ. ҮЙ ЖҰМЫСЫНА БЕРІЛГЕН БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУ ЖӘНЕ РЕЦЕНЗИЯЛАУ

 4.1. Сырттай білім алушылардың өздік жұмыстарының негізгі түрі үй жұмысына берілген бақылау жұмыстарын (әрі қарай – бақылау жұмысы) оқытушы тапсырмаларын орындау болып табылады.

4.2. Бақылау жұмыстарын орындау мерзімі оқу үдерісінің кестесімен белгіленеді.

4.3. Оқу жылындағы бақылау жұмыстарының саны оннан аспауы керек, ал жеке пәндер бойынша – екеуден аспауы тиіс.

4.4. Бақылау жұмыстарын рецензиялау келесі мақсатта жүргізіледі:

• теориялық білім және тәжірибелік дағдылар мен оқу пәндерінің дағдыларының үйретілуін бақылау;

• оқу материалдары бойынша білім алушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру;

• білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды табу.

4.5. Колледждің қашықтықтық-сырттай бөліміне оқуға түскендердің, бақылау жұмыстары, «Бақылау жұмыстарын есепке алу журналында» тіркеледі.

4.6. Бақылау жұмыстары пән оқытушыларына тексеруге беріледі. Колледжде бақылау жұмыстарының болуының жалпы мерзімі оның тіркелу кезеңінен бастап және білім алушыға рецензиямен 2 аптаға дейін тапсырылады.

4.7. Бақылау жұмыстарын тексеру нәтижесі жұмыстың батапқы бетіне «сыналды», «сыналмады», «жұмыс толық көлемде орындалды», «жұмыс нұсқа бойынша орындалмады» деп сөзбен жазылады.

4.8. Тапсырылған нұсқа бойынша орындалмаған, толық көлемде орындалмаған, жазуы түрлі сиялармен толтырылған бақылау жұмыстары, бастапқы бетте қайтару себебі көрсетілуімен рецензиясыз білім алушыға қайтарылады.

4.9. Бақылау жұмыстарын тексеру барысында қажет:

• тапсырманы орындау бойынша әрбір қатені көрсету, дұрыс сұрақ қою, білім алушыға білімдегі олқылықтарды болдырмау үшін, қандай тақырыпты, қай тарауды оқуы керектігін көрсету.

• жұмысты өздігінен орындау дәрежесіне көңіл бөлу, мазмұнының тұтастылығына, тәжірибелік тапсырмаларды орындау дәлдігі және сапасы, қажетті жағдайда тапсырмаларды шешу жолын көрсетіп жіберу.

•  ойды дұрыс құрастыру, стилистикалық қателер, грамматикалық қателерге назар аудару.

Мәтін немесе әрбір жолақ бойынша жасалған ескертулер, қызыл түсті сиямен, анық жазумен дұрыс, түсінікті жазылуы керек.

4.10. Тапсырмаларды шешу әдістемесінде қате болмаған және теориялық сұрақтардың мазмұндылығы жеткілікті дәрежеде ашылған, бақылау жұмысы, сыналды деп есептеледі.

4.11. Сұрақтардың мазмұны ашылмаған, үлкен қателері бар, тапсырмаларды шешуде, және т.б. қателер жіберген жағдайда, бақылау жұмысы сыналмайды. Бұл жұмыс оқу материалымен әрі қарай жұмыс жасау үшін білім алушыларға бұл бақылау жұмысы, толық, түсінікті рецензия жазумен қайтарылады.

4.12. Оқу үдерісінің кестесінде белгіленген мерзімде орындалған, соның ішінде сессия кезінде үй жұмысына берілген бақылау жұмыстары рецензиялауға жіберіледі. Сессия кезінде бақылау жұмыстары тапсырылған жағдайда, оқытушы рецензияның орнына оларға тікелей (әңгімелесу) ауызша қабылдауды жүргізуге болады. Тіркеу журналында және үй жұмысына берілген бақылау жұмысына «Рецензиялаусыз сыналды» деген белгі жазылады.

4.13. Қажетті жағдайда, рецензиялау негізінде, білім алушы осы дәптерге қатемен жұмысты орындайды, оқытушы тексереді.

4.14. Бақылау жұмысын (әңгімелесу) қорғауды оқытушы материалды терең игерту және жұмыстың өздігінен орындалуын анықтау мақсатында қосымша төлемақысыз емтиханға дейін немесе емтихан уақытында жүргізеді. Бақылау жұмыстарын қорғау нысанын оқытушы таңдайды. (ауызша, тестілеу, тапсырмаларды, ситуацияларды шешу және т.б.). Нәтижесі «Қорғалды» сөзімен бақылау жұмысының бастапқы бетінде белгіленеді.

4.15. Сыналған бақылау жұмысының болуы, пән бойынша аралық аттестаттауға білім алушыны жіберу болып табылады.

4.16. Үй жұмысына берілген бақылау жұмысын тексеру нәтижесі есеп тіркеу журналында тіркеледі, содан кейін акт құрастырылған соң жойылады.

4.17. Бақылау жұмысын рецензиялауға  – 0,75 сағат бөлінеді.

 

5 ТАРАУ. СЫРТТАЙ БӨЛІМНІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫН АРАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ ТУРАЛЫ

5.1. Аралық аттестаттау емтихандардан, сынақтардан, қорытынды жазбаша аудиторлық бақылау жұмыстарынан, курстық жұмыстардан (жобалардан) тұрады.

5.2. Аралық аттестаттаудың ерекшеліктері жұмыс оқу жоспарында көрсетіледі, соның ішінде желілік оқу түрі, қашықтық технологияларын пайдалану, презентация е-портфолио.

5.3. Оқу жылындағы емтихан саны – 8 сағаттан аспайды, сынақ– 10 сағаттан аспайды.

5.4.Емтихан, курстық жұмыс (жоба) қарастырылмаған пәндер бойынша, оқылған пәнді оқытуға бөлінген, уақыт есебінен сынақ немесе қорытынды бақылау жұмысы жүргізіледі.

5.5. Аралық аттестаттау нәтижесі негізінде сессияны тапсырған білім алушылар, Колледж директорының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі. 

 

6 ТАРАУ. ҚАШЫҚТЫҚТЫҚ-СЫРТТАЙ БӨЛІМНІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК (ҚОРЫТЫНДЫ) АТТЕСТАТТАУ ТУРАЛЫ

6.1. Колледждің педагогикалық кеңесінің шешімімен оқу жоспарын орындаған, қашықтықтық-сырттай бөлімнің білім алушылары, мемлекеттік (қорытынды) аттестаттауға жіберіледі.

6.2. Мемлекеттік (қорытынды) аттестаттау түрлері нақты мамандықтар бойынша күндізгі оқыту нысанында Колледж түлектерін мемлекеттік қорытынды аттестаттау туралы Ережеде белгіленген.

6.3. Бітірушінің біліктілік жұмысын дайындау және қорғау үшін оқу үдерісінің кестесінде 6 сағат бөлінген.

6.4. Толық көлемде білім беру бағдарламаларына сәйкес игерген және мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан өткен, түлекке колледж мөрімен басылған, орта кәсіптік білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Түлектердің білімі мен іскерлігі орта кәсіптік білім туралы дипломға қосымшада «үздік», «жақсы», «қанағаттанарлық» бағаларының көрсетілуімен анықталады.

6.5. Колледжден шығарылған білім алушыға, соның ішінде басқа білім беретін Колледжге ауысқан білім алушыға академиялық анықтама беріледі.

 

7 ТАРАУ. ҚАШЫҚТЫҚТЫҚ-СЫРТТАЙ БӨЛІМНІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 7.1. Колледждегі қашықтықтық-сырттай бөлімнің білім алушылары оқу мен жұмысты бірге алып жүрулеріне болады.

7.2. Колледждегі қашықтықтық-сырттай бөлімнің оқу мен жұмысты қатар алып жүрген білім алушыларға ҚР Еңбек кодексінде қарастырылған, кепілдік пен өтемақылар таратырылған: оқу кестесін орындап отырған білім алушыға, жұмыс беруші орташа жалақысы сақталуымен қосымша демалыс ұсынады.

7.3. Білім алушы шақыру анықтамасынсыз сессияға қатысуға құқы бар. Бұл жағдайда оған қосымша төленетін демалыс ұсынылуынсыз оқу үдерісінің кестесін орындауға жіберіледі.

7.4. Колледждің қашықтықтық-сырттай бөлімнің білім алушылары кітапхананы тегін пайдалануға, колледждің басқа да ақпараттық құралдарын пайдалануға, сонымен қатар оқу, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық қызмет алуға және оның белгіленген Жарғысымен, басқа бөлімшелерді пайдалануына құқы бар.

7.5. Колледждің қашықтықтық-сырттай бөлімнің білім алушыларына академиялық демалыс ұсынылуы мүмкін.

7.6. Қашықтықтық-сырттай бөлімнің білім алушылары колледждің анықтауымен, тәртіп бойынша бір білім беру бағдарламасынан және (немесе) басқа оқу түріне ауысуына құқы бар.

7.7. Колледжден шығарылған, тұлғалар қашықтықтық-сырттай бөлімге қалпына келтіру тәртібі мен шарты, сондай-ақ ертеде басқа орта арнайы оқу мекемесінде оқып, оқуды аяқтағанға дейін шығарылған тұлғаның оқуды жалғастыруы үшін қабылдау Колледж Жарғысында белгіленген.

7.8. Қашықтықтық-сырттай бөлімнің білім алушылары білім беру үдерісі барысында Колледж әкімшілігімен және қызметкерлерімен, білім алушылармен өзара қарым-қатынасын және тәртібін, қызметін көрсетілген, Колледждің ішкі тәртіп Ережелерін сақтауға міндетті.

7.9. Жарғыда қарастырылған, міндеттерді орындамаған, себепсіз белгіленген мерзімде мамандықтар бойынша оқу жоспарын орындамаған қашықтықтық-сырттай бөлімнің білім алушыларына тәртіптік жаза қолданылады, соңынан Мекемеден шығарылады.

 

 



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу