«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы ветеринария және биотехнология жоғары колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Высший колледж ветеринарии и биотехнологии при управлении образования Акмолинской области»

По телефону Саll-центра вы можете молучить информационную поддержку по подаче заявки на поступление 8 747 241 62 08, 8 (71636) 91 1 48


 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы, ауылшаруашылық колледжі»МКҚК қызметі туралы 2020 жылдың мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша есебі

09.03.2021

Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы, ауылшаруашылық колледжі»МКҚК қызметі туралы 2020 жылдың мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша есебі

 

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығын түрлі салалар бойынша сапалы, өз уақытында, қол жетімділік мүмкіндіктерін іске асыруды ұсынады: оның ішінде білім алу, жатақханада тұру, біліктілік санаттарын (растау) беру және т.б.

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы, ауылшаруашылық колледжі» МКҚК мемлекеттік қызметтің келесі түрлерін ұсынады:

– Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана ұсыну;

– Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;

– Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау;

– Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру;

– Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іскеасыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау;

– Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау;

- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну;

- Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру

          «Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы, ауылшаруашылық колледжі»МКҚК өз құзіретінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік реттеуді қамтамасыз етеді, мониторинг жүргізеді және жеке тұлғаларға ақпараттық, консультативтік және әдістемелік қолдау көрсетеді.

Айта кету керек, колледжбен көрсетілетін, мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес, тегін негізде ұсынылады.

2020 жылы 356 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда, 1.12% артты.  қызмет көрсетілді, ол осы қызметтің 100% құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 33,3% көп қызмет көрсетілді.

Ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жұмысы туралы есептерде ұсынылған талдамалық мәліметтер негізінде,  2020 жылы, сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана ұсыну» және «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер:

1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана ұсыну – 137, жалпы санынан 38.48% құрады.

2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну – 59, жалпы санынан 16.57% құрады.

3. Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметі арқылы 10 қызмет алушыға қызмет көрсетілді, жалпы санынан 2.8% құрады.

4. Білім беруде білім алушыларға академиялық демалыс ұсыну - 6, жалпы санынан 1.68% құрады.

5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру-1, жалпы санынан 0.28% құрады.

6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау – 131, жалпы санынан 36.79% құрады.

7 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іскеасыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау-10, жалпы санынан 2.8% құрады.

8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау-2, жалпы санынан 0.56% құрады.

Ай сайын қызмет берушілердің интернет – ресурстарына, БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдарына) мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар, колледждің ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» атты бөлімі бар, мұнда мемлекеттік қызметтің стандарты және регламенті орналастырылған. Сондай-ақ, қызмет алушыларға арналған қажетті ақпараттар бар.

2020 жылдың 16 қарашасында аудандық «Луч» газетінде, колледжбен көрсетілетін қызмет түрлері туралы ақпараттық мақала жарияланды.

Сондай-ақ, колледжде ақпаратты қабырға көрнекіліктерінде мемлекеттік қызметтің стандарты және регламенті көрсетілген.

          Колледжде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін тоқсан (квартал) сайын шаралар жүргізіледі: (жиналыс, тәрбие сағаты, ата-аналар жиналысы, ашық есік күні), бұл шаралар мемлекеттік қызмет көрсету процесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттік қызмет көрсететін тұлғалар сәйкесінше сертификаттарды алумен, қашықтықтан оқудан өтті.

2020 жылы білім беру саласында мемлекетттік қызметті көрсету бойынша 6 жиналыс өткізілді, бұл былырғы жылмен салыстырғанда 16,6% кем.

 Колледжде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша жауапты тұлғалар бекітілген, ұсынылатын мемлекеттік қызмет ссапасын ішкі бақылау жүзеге асырылған. Ай сайын мемекеттік қызмет көрсету сапасы және өз уақытында болуына орай моиторинг жүргізіледі.

          Бүгінгі күні, колледжде мемлекеттік қызмет көрсету өз уақытында көрсетілуі және жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қол жетімді жұмыстар жүргізілуде.

Просмотров: 333


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст