ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауына пікірлер
Бүгін, 2021 жылдың 01 қыркүйегінде Білім күнінде ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы тыңдалды.
Өз Жолдауында мемлекет басшысы өзекті мәселелерді орынды түрде жан-жақты қозғады. Ғылымды, білімді дамыту мәселелеріне тоқталды. Әлеуметтік, экологиялық тақырыптарға, оның ішінде ауыз су, әлеуметтік жағдай, халықтың орташа жалақысын көтеру, спорт және т.б. тақырыптарға ерекше тоқталды. Ол өз Жолдауында Әлеуметтік мемлекет екенімізді, қиын жағдайға тап болған кезде, көмек тек мұқтаж жандарға берілуі керектігін атап өтті. Мұндай жағдай әрбір жеке тұлғаның өз еңбегімен табыс табудан айырып, ұрпақ тәрбиесіне кері әсер етуі мүмкін,-деп айтты. Мен құптаймын. Ертедегі ақсақалдарымыз «Тентегін тиып, тектігін төрге оздырған» сондықтан жастарға Отаншылдық, бірлікте болу қасиеттерін дәріптеуіміз керек деп, Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында айтып өткендей, жастарды тәрбиелеу, еліміздің адал, патриот азамат етіп жеткізу аса маңызды міндеттеріміздің бірі.
Мемлекет басшысы белгілеген саяси шешімді қолдай отырып, алға қойылған мақаттардың орындалуына тілектеспін.
Шайкенова Жанар Дюсенбаевна
оқытушы