«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы ветеринария және биотехнология жоғары колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Высший колледж ветеринарии и биотехнологии при управлении образования Акмолинской области»

По телефону Саll-центра вы можете молучить информационную поддержку по подаче заявки на поступление 8 747 241 62 08, 8 (71636) 91 1 48


 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы бекітілді

21.02.2018

- ҚР президенті Н.Назарбаев латын негізіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті, - деп хабарлайды Ақорда сайты. Елбасы "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы ҚАУЛЫ жариялады.

 

1. "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.

http://okg.kz/article/?id=12078&slug=kazak-alipbiini-zha-a-n-skasy-bekitildi

Латын әліпбиіне көшу туралы

ПІКІР

 

Латын әліпбиін енгізу – әлемдік кеңістікке енудің басты жолдарының бірі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері көптеген тіл жанашырлары латын әліпбиіне көшу мәселесін көтеріп келеді. Көптеген ғалымдардың пікірін ескеретін болсақ латын әліпбиіне көшу соншалықты қиындық тудырмайды. Қазіргі кезде білім жүйесінде жаңартылған білім мазмұны осы латын әліпбиіне көшуде өз үлесін қосады деген ойдамыз. Бұл – ұлт болып шешуге тиісті мәселе. Тарих беттерін ақтарсақ, біз мұндай қадамды жасағанбыз. Ахмет Байтұрсыновтың жасаған «төте» жазуы бүгінде қытай қазақтарының арасында жақсы сақталған. «Болашақ ұрпағымыз үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз, бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, ұрпағымыздың шетел тілін және ғаламтор тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деп Елбасымыз өз Жолдауында атап өткен болатын.

Қатаркөл ауылшаруашылық колледжінің ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың латын әліпбиі негізіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітуі туралы шешіміне қолдау көрсетіп, жаңа әліпбиге көшу жолындағы барлық іс шараларға белсенді атсалысатын болады.

«Бірлігі күшті ел озады» деп дана халқымыз айтқандай, екі қолды сыбанып нақты нық қадаммен алға басайық!

 

Қатаркөл ауылы, ауылшаруашылық колледжінің оқытушылары Бекбулатова Ж.Қ., Уразова Қ.Қ., Шайкенова Ж.Д.

Просмотров: 729


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст