Қатаркөл ауылы, ауылшаруашылық колледжі студенттерінің жобасы
«Біз халық… Азамат жобасы» бағдарламасы
Тақырып: «Жас мүгедектерді әлеуметтік бейімдеу»
«Егер әрбір адам өзінің мүмкіндігінше жақсылық
жасаса, мүмкіндігінше жақсылық шексіз болар еді».
Фазиль Искандер
2017 жылдың 28 сәуірінде біздің колледждің студенттері, Ақмола облысы техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім ұйымдарының студенттері және жалпы білім беретін мектептер арасында бірінші қоғамдық жас тыңдаушылар арасында өткен жобаға белсене қатысты. «Азамат» жобасы жастарды азаматтық қоғамға қатысуға және өзінің ой-пікірін толық айтуға мүмкіндік жасайды. Олармен жұмыс жасау, жаңа іскерлік пен түсінікті қалыптастырады. Біздің студенттер бірнеше әлеуметтік-маңызды
мәселелерді көтерді, оларға талдау жасай отырып, жас мүгедектерді оңалту туралы күрделі мәселе және өте маңызды мәселелерді зерттеуді таңдады.
Бүгінгі күнде әлемде бір миллиардтан астам алуан түрлі дене аурулары бар. Қазақстан Республикасы денсаулық қорғау Министрлігі және әлеуметтік дамудың 2015 жылғы мәліметтері бойынша 637217 мүгедектер, соның ішінде 75712 балалар тіркелген. Щучинск қаласының өзінде 932 адам есепте тұр. Мүгедектер саны тұрақты толып келеді. Бұл өндірістің күрделенуі, көліктің дамуы, экологияның дамуы,
әскери даулар және түрлі апаттарға байланысты. Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделуге және еңбекке араласуы үлкен мәселе болып тұр. Осы мүмкіндігі шектеулі жандар көбінесе үлкен қабілеттіліктерімен және кейбіреуі дарындылығымен көзге түседі, ал тәжірибе жағына келсек олардың барлығы өмір сүруге құштар болады.
Таңдалған мәселе бойынша, колледж студенттері, Қазақстан Республикасы заңнамалары, бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын және Интернеттың көмегімен колледж қызметкерлері және оқушылар арасында сауалнама жүргізді. Сонымен қатар, біз мемелекеттік органға біздің сұрақтарымызға жауап
берулерін өтіндік. Бурабай аудандық Маслихатының депутаты К.Т. Байбуров бізбен әңгімелесуге өз уақытын бөлді. Ол мүгедектер мәселелері бойынша Әкімнің кеңесшісі болып табылады. Өзі мүгедек, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолынан келгенше көп көмектеседі, өмір белсендісі болып табылады.
Бұл мәселені шешуде Мемлекет өте көп жұмыс жасауда. Алдымен, мүгедектер, тағайындалған тобы бойынша зейнетақы алады, ал мүгедек балалардың ата-аналары жәрдемақы алады. Оларға тегін арба, таяқ, арнайы аяқ киімдер, есту аппараттары, протездер беріледі. Әлеуметтік қорғаудың жеке көмекшісінің қызметін қабылдайды. Мүгедек диспетчерлік қызмет арқылы жеке арнайы таксиге тапсырыс бере алады. Емханаларға, ауруханаларға емделуге, санаторияларға кезексіз бара алады. Мүгедек адам жеке
бизнеспен (тендерлік, салықтық жеңілдіктер) және тағы басқалармен айналысуды қаласа, оларға арнайы жеңілдіктер қарастырылған.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік бейімдеу мәселелерін іске асыратын мәселелердің 30 шақты нормативтік құқықтық актілер бар. Бұл, алдымен ҚР Конституциясы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы мүгедектерді әлеуметтік қорғау Заңы, ҚР Еңбек кодексі, ҚР салық кодексі. ҚР Президенті жарлығымен Мүгедектер күні бекітілді. (қазан айының екінші жексенбісі). Мемлекет мүгедектерге арналған көптеген бағдарламалар шығаруда. Соңғы кезде бұл мәселемен Мемлекет қана емес, көптеген қоғамдық ұйымдар айналысуда. Біздің Қазақстанда мұндай жақсы іспен айналысатын жүрегі кең азаматтар және ұйымдар өте көп, олар қолдарынан келгенше, мүгедек жандарға көмектесуде.