Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 4 мамырдағы № 180
Бұйрыққа 1-қосымша
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында
білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ
қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды
ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-
1) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық және бабының кәсіптік, орта
білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және
тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (
қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну
тәртібін айқындайды.
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру
ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға,
сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін
тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін
қызмет) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші)
көрсетеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а.
12.03.2021 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Мемлекеттік қызмет техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және
жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санатқа
жататын жеке тұлғаларға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және
патронаттағы адамдарға немесе олардың ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне
(бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы тегін тамақтануды алу үшін осы Қағидаларға 2-
қосымшаға сәйкес "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім
беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға,
сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін
тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі -
Стандарт) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және (немесе)
www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы не "
Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес
акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы) арқылы өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен
нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге
де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі
талаптардың тізбесі стандартта келтірілген.
5. Құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) Мемлекеттік
корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті
құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
6. Көрсетілетін қызметті алушының атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар
отбасылардан шыққан балалар үшін жергілікті атқарушы органдар ұсынатын
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының)
тиесілігін растайтын, отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - жеке басын куәландыратын құжат,
қорғаншылық (қамқоршылық), патронаттық тәрбие туралы мәліметтерін көрсетілетін
қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет"
шлюзі арқылы алады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-
тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (
немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті
беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады
және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат береді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке
кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы
мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты
көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды,
тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге қарауға жолдайды.
Құжаттар портал арқылы түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттар
тіркелген сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын
тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде
көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушының
порталдағы "жеке кабинетіне" өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде
көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қағидалардың
талаптарына сәйкестігін қарайды, қорытындысы бойынша Қағидаларға 3-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама дайындайды
және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде
және (немесе) Мемлекеттік корпорацияда жеке басын куәландыратын құжатты (не
нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде
қолма-қол беріледі.
Бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға
жеткізу мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен
кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының
"жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған
электрондық құжат нысанында жіберіледі.
8. Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қараудың жалпы мерзімі 5 (
бес) жұмыс күнін құрайды.
9. Көрсетілетін қызметті алушының (өкілдің) өтініші болмауына байланысты
мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай бойы Мемлекеттік корпорацияда сақталады, осы
мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті берушіге талап етілмеген ретінде
қайтарылады.
10. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті
беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік
қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету
сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
11. Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 12.03.2021 № 108 (
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті
берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы өтініш
көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау
жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
13. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 2) тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті 25-бабының тікелей көрсеткен
көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті
алушының өтініші тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарастырылуға
жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті
органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген
күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін
қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
сотқа жүгінуге құқылы__