«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы ветеринария және биотехнология жоғары колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Высший колледж ветеринарии и биотехнологии при управлении образования Акмолинской области»

По телефону Саll-центра вы можете молучить информационную поддержку по подаче заявки на поступление 8 747 241 62 08, 8 (71636) 91 1 48


 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мал шаруашылық ісін талдау және тәжірбие жұмыстарын насихаттау

03.03.2020

Мал шаруашылығын дұрыс жүргізуде мал дәрігерлігі қызметі мен ғылымының атқарар ролі зор. Қазіргі кезде Республикада мал дәрігерлерінің және бүкіл малшылар қауымының алдында негізінен үш мәселе тұр: біріншісі –малдың өлім-жетімін, дәлірек айтқанда  аурудан болатын шығынды мейілінше  азайту үшін барлық мүмкіншіліктерді жұмсау, екінші-малдарды қысқа мерзім ішінде  инфекциялық және инвазиялық ауруынан сауықтыру және оның алдын алу, үшінші-төлдейтін малдан алынатын төлді ауруға шалдықтырмай, шығынға ұшыратпау.

      Бірақ осы айтылған мәселелердің дұрыс шешілуі тек мал дәрігерлеріне ғана байланысты емес. Ол бүкіл малшылар қауымының, шаруашылық басшыларының , мал мамандарының өз міндеттерін жауапкершілік сезіммен орындауына, малды күнделікті ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай күтіп бағуына да байланысты.Катаркөл ауыл шаруашылық колледжінде ақпан айынның 25сі 2020ж  Республикалық малшаруашылық ғылыми-инновационалық орталығының мал дәрігер эксперт-консултанты Какимов Мейрамбек Тыныштокивич және зооинженер Джилқайдаров Рустем Талгатович тәжірбие жұмыстары мен бөлісті.Малшаруашылық бөлімінің студенттеріне келесі тақырыптар қозғалды: “Індетке қарсы мал дәрігерлік шараларды  жоспарлау” ,”Ауылшаруашылық малдардың гельминтоздары” “Жас төлдердің вирустық инфекциялық аурулары”. Кездесу кезінде тәжірбиелік  ретінде тақырыптар қызығушылықпен  талданып, ой пікірлер айтылып ,студентердің сұрақтарына жауап берілді,қосымша тәжірибелік жұмыстарда көрсетілді.

    Қатаркөл ұжымы және басшылары жоғарыда аталған Нұрсұлтан қаласының ғылыми-инновационалық орталық мамандары мен әрі қарай болашақта жұмыс істеуге ниеттері бар, кеңестері студенттер мен ұжымның ортасында жылы лебізбен түсініктер қабылданды. Студенттермен ұжымның көзқарасы бойынша кездесу жоғары деңгейде  өткізілді. Осы жоғарыда айтып өткен мәселелерді дұрыс іске асыру үшін малшылар қауымына,мал мамандарына, шаруашылық басшыларына аурулардың шығу себептері, өршуі, емдеу және алдын алу шаралары жөніндегі ғылым мен озық тәжірибелер жетістіктері туралы  жұмыстарды  кең түрде жүргізудің  маңызы аса зор.  Демек осы жетістіктерге жету үшін,  тәжірибе жасау және теория жүзінде жұмыс жүргізуге  көптеген ғылым салалары өз пайдасын тигізуде, соның ішінде мал дәрігерлік техник мамандарын даярлау барысында  теориялық және басшылықта тәжірибе жұмыстарының  алатын орыны зор.   

Просмотров: 784


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст