Қазақ тілі пәнінен әдістемелік әзірлемесі
Методическая разработка
открытого занятия по дисциплине:
Қазақ тілі, әдебиет.
Сабақ тақырыбы:
Тема занятия: Дара және күрделі зат есім. Қазақ халқының
салт-дәстүрі.
Сабақтың мақсаты/ Цель урока
Зат есімнен өткен сабақты қайталау. Өткен білімдерін әрі қарай жетілдіру.
А. Білімділік/
Образовательная Дара және күрделі зат есімнің жасалу жолын ажырату және оны
тәжірибеде пайдалану білімділігін арттыру .
Б. Дамытушылық /Развивающая
Танымдық ой қасиетін, білім сапасын дамыту.
В. Тәрбиелік
/Воспитательная Оқушыларды
еңбекқорлыққа, отанды сүюге, салт-дәстүрімізде қадірлей білуге тәрбиелеу.
Болашақ нәтижені болжау/
Описание ожидаемого результата
Білім/Знания. Дара және
күрделі зат есімді айыра білу.
Икемділік/ Умения Мәтінмен жұмыс жасауға, лексикалық блокты
орынды пайдалана білуге, тілді жетік білуге икемдеу.
Дағды /Навыки Сауатты көркем
жазуға дағдылау.
Сабақтың түрлері/ Тип урока
Білім дағдысын қалыптастыру сабағы.
Әдіс- тәсілдер/ Методы
Ауызша, тәжірибешілік, өздігінен іздену.
Құрал-жабдықтар, көрнекті
құралдар / Оборудование, наглядные пособия
Компьютер, теледидар, кесте, сөздік, бейнекөрініс, қазақ халқының
салт дәстүрлік құралдары. (домбыра, қобыз, қазақи көйлек, шапан, бөрік,
ыдыс-аяқ, қоржын, бесік, ұлттық тағамдар т.б.
Пәнаралық байланыс /
Межпредметные связи
Орыс тілі, мәдениеттану,
тарих.
Сабақтың жоспары\План урока:
1. Ұйымдастыру-мақсат кезеңі-3 минут.
2. Операция-танымдық кезеңі:
А. Жаңа материалды белсенді
меңгеруге оқушыларды даярлау кезеңі-7 мин.
Ә. Жаңа білімді меңгеру-35
минут.
Б. Жаңа білімді бекіту-25
минут.
3. Рефлексивті бағалау
кезеңі-3 минут
А. Үй тапсырмасы туралы
мәлімет беру кезеңі-3 минут.
Б. Сабақты қорытындылау-3-4
минут.
Барлығы-80 минут.
Сабаққа қойылатын мақсат:
1. Зат есімді толық қамтып, оның дара және күрделі түрін айқын, әрі түсінікті ашып, оқушыларға
меңгерту.
2. Лексикалық блок бойынша қазақ халқының
салт-дәстүрін құрметтеуге, дәріптеуге, әрі жақсы білуге оқушыларды үйрету.
3. Грамматикамен лексикалық блокты қатар
пайдалана білуге, тапсырмаларды
орындауға, өз бетінше ізденуге жетелеу.
Сабақ барысы / Ход урока
Сабақ кезеңдері / Этапы урока
Оқытушының іс-әрекеті / деятельность преподавателя
Оқушылардың іс-әрекеті /
деятельность учащихся
Құрал-жабдықтар, көрнекті
құралдар / оборудование, наглядные пособия
1
Ұйымдастыру-мақсаттық кезеңі
/ организационно-целевой этап
· Бүгін кім кезекші?
· Оқушыларды түгендеу.
· Оқушыларды үш топқа бөлу.
· Оқу құралдарын тексеру.
Кезекші оқушы жауап береді.
2
Операция-танымдық кезеңі /
операционно-познавательный этап
А. Үй тапсырмасын тексеру /
Этап проверки домашнего
задания
Жаңа сабақты өтпес бұрын
кесте арқылы зат есімді пысықтау.
1. Зат есім дегеніміз не?
2.Зат есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?
мысал келтіру. (жалпы және жалқы)
3.Тұлғасына қарай қалай
бөлінеді? мысал келтіру. (негізгі және туынды)
4. Мағынасына қарай қалай
бөлінеді? (дара және күрделі зат есім)
Берілген сұрақтарға жауап
береді..
Кесте, кестеме (карточка)
Б. Жаңа материалды белсенді меңгеруге
оқушыларды даярлау кезеңі / Этап подготовки учащихся к активному усвоению
нового материала
Жаңа сабақтың тақырыбын айту.
Оқушыларға сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты
ашу.
Кесте арқылы жаңа сабақты
түсіндіру.
Мысалдар келтіру.
Кестеме
В. Жаңа білімді меңгеру /
Этап усвоения новых знаний
1. Топпен жұмыс. Дара және
күрделі зат есімнің жасалу жолын кесте арқылы түсіндіру.
2. Жаңа тақырып бойынша үш
топқа кесте таратылып, оқушылардың жаңа тақырыпты меңгергендігін тексеру.
(біріккен, қысқарған, тіркесті және қосарлы зат есімдер)
3. Лексикалық блокпен жұмыс
жасау. Қазақ халқының салт-дәстүрі жайлы қысқаша бейнетаспадан көрініс.
4. Лексикалық блокқа байланысты арнайы дайындалған
сұрақтарға жауап беру. (сұрақтар ұсынылады)
Қазақ халқының салт-дәстүрі,
әдет-ғұрпын ұстану.
5. Оқушыларға үй тапсырмасына
берілген салт-дәстүрге байланысты көріністерін тамашалау. Өмірде пайдаланатын
дәстүрден үзінді.
6. Мәтінмен жұмыс.
А. Үш топқа мәтін беріледі.
Б. Мәтінге ат қою керек.
В. Мәтінді аудар.
Г. Мәтіннен дара және күрделі зат есімді тап, жасалу жолын
түсіндір.
7. Берілген құрал жайында
анықтама, мәлімет беру. (Олардың неден жасалғандығын, нені білдіретіндігін,
тұрмыстағы қолданыстық орнын түсіндіру)
8. «Ұйқасын тап» ойының жүргізу.
Орнамент-ою,
............-...........
Дом-үй
.........-...........
Колыбель-бесік
...........-.............
Волосы-шаш
............-...........
Ковер-кілем
...........-............
Зима-қыс
...........-..............
Сила-күш
......-...........
Подушка-жастық
............-...............
Зеркало-айна
...............-................
Сумка-сөмке,
............-...............
Прямо-тік
...............-..............
Литература-әдебиет
...............-.................
Оқушылар бірлесе отырып кестені талдау.
Кесте арқылы жұмыс жасату.
Қазақ халқының салт дәстүрі
туралы қысқаша мәлімет алу.
Тапқыр, шешен бола білу.
Әр топ тақта алдында өз өнерлерін көрсету.
Сөздікпен жұмыс жасау,
грамматикамен жұмыс жасау.
Ұлттық құралдарды сипаттау.
Бұл ойын арқылы сергіту сәтін
жүргізу.
Кесте
Компьютер
Теледидар.
Сұрақ-жауап тапсырмалау.
Ұлттық киім, ұлттық тағам,
ұлттық ыдыс-аяқ т.б.
Кестеме.
Тостақан, ожау, бесік, киіз
үй.
Сөздік.
Г. Жаңа білімді бекіту / Этап
закрепления новых знаний
1. Зат есімнің дара және
күрделі түрін пайдалана отырып, салт-дәстүрге байланысты сұхбат ұрастырыңыздар.
Оқушылардан сабақтан
қаншалықты меңгергені жайлы мәлімет алу.
1. Біз бүгінгі сабақтың мақсатына жеттік пе?
2. Салт-дәстүрге байланысты не үйрендік?
3. Қалай ойлайсыздар қазір біз осы
салт-дәстүрімізді қолданамыз ба, жоқ па?
4. Бүгінгі сабақтан не алдыңыздар?
Сөздермен сөйлем құрастыру.
А. Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру кезені / Этап информации
учащихся о домашнем задании
Салт-дәстүрге байланысты 10
мақал-мәтел және ережені жаттау.
Күнделікке үй тапсырмасын
жазып алу.
Б. Сабақты қорытындылау / Подведение итогов
урока
Оқушыларды бағалау.
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Зат есімнің сұрақтарын ата
және мысал келтір?
3. Зат есімнің
сұрақтарының орыс тілі мен қазақ
тіліндегі айырмашылығы?
4. Зат есім неше түрге
бөлінеді? (мағынасына, құрамына, тұлғасына қарай)
5. Зат есім мағынасына қарай
нешеге бөлінеді? Оларды ата және мысал келтіріңіздер. (жалпы және жалқы) Жасалу
жолын түсіндір.
6. Зат есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
Оларды ата және мысал келтіріңіздер. (негізгі және туынды). Жасалу жолын
түсіндір.
2. Жаңа тақырып. (10 минут)
Құрамына қарай дара және
күрделі зат есім болып екіге бөлінеді.
Дара зат есім-дегеніміз бір
түбірлі сөз. Мысалы: жігіт, жылқы.
Күрделі зат есім-төртке
бөлінеді.
1. Біріккен БҰҰ,ЭЮК
2. Қосарлы сиыр еті, аяқ
киім.
3. Тіркесті ата-ана,
қыз-келіншек.
4. Қысқарған тасбақа,
қолжазба.
Біріккен сөз дегеніміз екі түбірдің бірігіп
жазылуы арқылы жасалады.
Қосарлы сөз дегеніміз дефис арқылы жазылатын қайталама сөздер.
Қысқарған сөздер дегеніміз әр
сөздің бастапқы әрпін алу арқылы жасалады.
Тіркесті сөздер дегеніміз-
екі сөздің тіркесіп келіп, бірақ бөлек жазылуын айтамыз. Олар бірінсіз-бір
мағына бермейді.
1. Оқушыларға үш кесте
таратылады. Ережені қаншалақты меңгергендігін тексеру. (5-6 минут)
Қосарлы Қысқарған, Тіркесті
бірікен
Осы сөздермен сөйлем
құраңыздар
Лексикалық блокпен танысу. (5
минут)
Бейнетаспадан қазақтың
салт-дәстүріне байланысты көрініс.
Бейнетаспада Қазақстанның
жетістіктері, Астана бас қаламыздың көркемділігі, ұлттық тағамдар, ұлттық
киімдер, салт-дәстүр, отқа май құю рәсімі, бет ашар, бесікке салу, бата беру, т.б.
5.
Бейнетаспаға байланысты оқушыларға арнайы дайындалған сұрақтар.
(7-8 минут)
1. Салт дәстүр дегеніміз не?
2. Қазақтың салт дәстүрлерін
атап өтіңіздер?
3. Салт-дәстүрге байланысты
мақал-мәтелдер.
4. Аптадағы жеті күннің
ерекшеліктерін ата?
5. Қазақ халқының қандай
ырымдарын білесіздер? Атап өтіңіз, әрі түсіндіріңіз?
6. Тиым сөздерді атаңыз?
7. «Қыз өссе елдің көркі,
Ұл өссе жердің көркі»-деген
мақалды қалай түсінесіздер?
8. «Таудай талап бергенше,
Бармақтай бақ берсің
6. Оқушылардың алдын-ала даярлап келген
салт-дәстүрге байланысты үй тапсырмасын тексеру. (18 минут)
3 топ ортаға шығып өз
тапсырмаларын орындайды.
7. Мәтінмен жұмыс жасау. (7 минут)
Мәтінге берілген тапсырмалар.
1. Мәтінге ат қойыңыз,
2. Мәтінді аударыңыз.
3. Мәтіннен зат есімнің дара және күрделі
түрлерін табыңыздар.
№1 МӘТІН.
Бала ауырғанда молдаларға
дұға жаздырып оны ұшбұрыштап матаға не теріге тігіп баланың мойнына тағып қояды. Бұл пәле-жаладан,
тіл-көзден, ауру-сырқаудан сақтайды деген діни ұғымнан туған. Оның түрлері өте
көп, оны кейде төлдерге, ауырған малға да тағады.
№2 МӘТІН.
Наурыз тойына ғана тән,
көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй
жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы да сол
сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып,
бала-шаға болып осыны ішеді. Ол барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке,
бірлікке шақырады.
№3 МӘТІН.
Бұл күн «Ұлыстың ұлы күні»
деп аталады. Ол қазақ халқының жаңа жыл мерекесі. Адамдар көрші-қолаңды аралап бақыт тілеседі. Бұл мейрамға әдейілеп
алтыбақан, киіз үй құрады. Арнайы тағамдар әзірленіп, ән-шашулар өткізіледі.
Бұл қазақ халқы үшін ерекше күн.
8. Берілген құрал жайында
анықтама, мәлімет беру. (Олардың неден жасалғандығын, нені білдіретіндігін,
тұрмыстағы қолданыстық орнын түсіндіру) (5-6 минут)
Мысалы: Бесік-сәбидің алтын
ұясы. Ол ағаштан жасалады. Бесікте арнайы
құралдары болады. Олар: шүмек,
жүргек, түбек, көзтас, т.б. болады.
9. «Ұйқасын тап» ойының жүргізу. (5 минут)
Орнамент-ою,
............-...........
Дом-үй
.........-...........
Колыбель-бесік
...........-.............
Волосы-шаш
............-...........
Ковер-кілем
...........-............
Зима-қыс
...........-..............
Сила-күш
......-...........
Подушка-жастық
............-...............
Зеркало-айна
...............-................
Сумка-сөмке,
............-...............
Прямо-тік
...............-..............
Литература-әдебиет
...............-................
10.
Зат есімнің дара және күрделі түрін пайдалана отырып, салт-дәстүрге
байланысты сұхбат құрастырыңыздар. (7-8 минут)
11. Оқушылардан сабақтан
қаншалықты меңгергені жайлы мәлімет алу.
(3 минут)
1. Біз бүгінгі сабақтың мақсатына жеттік пе?
2.Салт-дәстүрге байланысты не
үйрендік?
3. Қалай ойлайсыздар қазір
біз осы салт-дәстүрімізді қолданамыз ба, жоқ па?
4. Бүгінгі сабақтан не
алдыңыздар?
12. Үй тапсырмасы. (2 минут)
Салт-дәстүрге байланысты 10
мақал-мәтел және ережені жаттау.
13. Оқушыларды бағалау. (2 минут)
казахский струнный щипковый
музыкальный инструмент.. Имеет большей частью грушевидный корпус с деревянной
декой, длинную шейку и 2 жильные струны, настроенные в кварту, реже — в квинту.
Звук Д. тихий, мягкий. Существуют 2 типа Д.: западноказахский, с более тонкой
шейкой и 14—17 ладами (звук извлекается главным образом бряцанием по струнам,
как на балалайке), и восточноказахский, с несколько утолщённой шейкой и 7—8
навязными ладами (звук извлекается преимущественно щипком пальцами). В 1934 Д.
была реконструирована и созданы её оркестровые разновидности.