«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы ветеринария және биотехнология жоғары колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Высший колледж ветеринарии и биотехнологии при управлении образования Акмолинской области»

По телефону Саll-центра вы можете молучить информационную поддержку по подаче заявки на поступление 8 747 241 62 08, 8 (71636) 91 1 48


 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ҮЗДІК ИНТЕРАКТИВТІ САБАҚ» САЙЫСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

07.03.2018

Бекітемін

Колледж директоры

_________________

Савельев С.Б

 

«Үздік интерактивті сабақ»  

сайысы туралы ереже

 

«Үздік интерактивті сабақ» сайысы (әрі қарай сайыс) колледждің әдістемелік кабинетімен колледждің 70 жылдығын ата өту шеңберінде өткізіліп, оқытушылардың оқыту үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқыту сапасын арттыруға, оқытушылардың шығармашылық әлеуетін белсендіруге бағытталған.

 

1. Сайыстың мақсаты мен міндеті

1.1.  Оқыту үрдісіне заманауи ақпараттық технологияларды енгізуді ынталандыру.

1.2.  Интерактивті оқыту құралдарын пайдалану нысандары мен әдістерін, жаңа стратегияларды іздеу. 

1.3.  Арнайы пән педагогикалық кадрларының кәсіптік құзыреттіліктерін арттыру.

1.4.  Озық педагогикалық тәжірибені насихаттау мен білім беру кеңістігінде АКТ пайдаланудың оңтайлы тәжірибесін алмастыру мақсатында интербелсенді сабақтардың қорын құру.

1.5. Оқу мотивациясының артуына, білімдердің, студенттердің біліктері мен дағдыларынының тиімді қалыптасуына ықпал жасау.

2. Сайыстың қатысушылары
Сайысқа қызметіндегі еңбек өтіліне, жасына қарамай, білім алушылармен тәрбие және білім беру жұмысында ақпараттық технологияларды пайдаланатын  арнайы пән оқытушылары  қатыса алады.

Сайыстың қатысушылары екі номинация бойынша өз жұмыстарын ұсына алады:

2.1. «Үздік теоретик» номинациясы.

2.2. «Үздік тәжірибеші» номинациясы.

3. Сайысты өткізудің тәртібі

Сайыс үш кезеңде өткізіледі:

3.1. Өтініштер мен сайыс материалдарын ұсыну —   2018 жылдың 5 наурыздан  12 наурызға дейін.  Сайыс материалдары колледждің әдістемелік кабинетіне ұсынылады.

3.2. Ашық сабақтар бекітілген кестеге сай, сабақ кестесі бойынша өткізіледі. Жеңімпаздарды анықтау – 2 сәуір 2018 жыл.  

3.3. Жеңімпаздарды марапаттау колледждің Мерейтойына арналған салтанатты іс шарада өткізіледі.

4. Сайыс материалдарын ресімдеуге қойылатын талаптар.

Сайыс материалдары:

4.1. Қатысуға өтінім білдіру (1 Қосымша).

4.2. Мұқаба бетіндк келесі мәліметтер көрсетіледі: оқу орны, сайыстың атауы, номинация, оқу пәні немесе элективті курс атауы, сабақ тақырыбы, автордың ТАӘ (толық), өткізу орны мен уақыты.  

4.3. Әдістемелік әзірлеме сабақ мазмұнымен электронды және қағаз нұсқасымен (CD дискімен) A4

форматындағы парақтарда, Times New Roman компьютерлік қаріпін пайдалану қажет, қаріп өлшемі 14, жол аралығы 1,0, парақтың өлшемі 2.0, 2.0, 2.0, 2.0

4.4. Сабақтың интербелсенді қамсыздануы PowerPoint  презентациясының пайдаланылуы тек қана CD дискінде

электронды түрде болуы қажет.

Шығармашылық әзірлемеде сайыс қатысушылары қолда бар электронды білім беру көздерін пайдалана алады, бірақ сайыста олармен сабақ кезінде жұмыс жасаудың әдістемесін, өз авторлық әзірлемелерін ұсынулары қажет.  

Бұрын өткізілген ашақ сабақтар бойынша сайыс жұмыстары қарастырылмайды.

5. Сайыс жұмыстарын бағалау.

Сайыс жұмыстары келесі өлшемшарттар бойынша бағаланады:

Өлшемшарт

атауы

Балл мөлшері

Таңдалған тақырыптың өзектілігі

мен орындылығы

0 — 5

Сабақтың кәсіптік бағыттылығы,

пәнаралық байланыстың болуы.

0 — 5

Білім алушылардың түйінді

құзыреттіліктерін дамыту (танымдық, әлеуметтік, коммуникативтік, ақпараттық және т.б.)

0 — 5

Сабақ барысында пайдаланылатын әдістер

мен түрлі нысандардың үйлесу нәтижелігі: белсенді жұмыс жасау әдістерінің

басымдылығы.

0 — 5

Сабақтың нәтижелілігі мен оған

мультимедялық, интербелсенді әзірлеменің әсері.

0 — 5

Сабақтың тәрбиелік әлеуеті.

0 — 5

Дербес шығармашылық жол,

даралық, авторлық шешімдердің өзгешелігі.

0 — 15

Педагогикалық шеберлік:

кәсіптік қасиеттер, көзқарастың кеңдігі, психологиялық тәсілдерді пайдалану.

0 — 10

Ресімдеу көркемділігі мен

әзірлеме дизайны.

0 — 10

Технологиялығы мен пайдаланудың

қарапайымдылығы.

0 — 5

Барлығы баллдардың максималды

жиынтығы

70

Сайыстың әрбір номинациясы бойынша жеңімпаздары (бірінші орын алған қатысуышар) мен

жүлдегерлері (екінші және үшінші орын алған қатысушылар) анықталады.

6.  Сайыс нәтижесін шығару мен марапаттау

6.1. Сайыс Жеңімпазы болып, ашық сабақтары максималды ұпай мөлшерін жинаған оқытушылар танылады. Сайыс қатысушылары Сайыс барысында Қазылар алқасы анықтаған номинацияларда атап өтілуіне болады.

6.2. Қазылар алқасының жеңімпазды анықтау бойынша шешімі соңғы инстанция болып табылады және шағымдануға жатпайды.

6.3. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен, барлық қатысушылар – дипломдармен марапатталады.

6.4. Сайысқа ұсынылған материалдарға пікір берілмейді және олар қайтарылмайды.

7. Сайыс нәтижесін шығару бойынша комиссия:

Комиссия төрайымы: Домбровская Л.Г., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Комиссия мүшелері: Набатова Е.В., директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

Мусин Ж.М., директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары

Уразова К.К., әдіскер

Кампут Д.В., жалпы білім беру пәндері ОӘК меңгерушісі

Просмотров: 851


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст