Текст
Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласының № 1 орта мектебінің түлектерімен кездесу
2018 жылдың 2 наурызында Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласының № 1 орта мектебінде мектеп түлектері мен Бурабай ауданының колледждері арасында кездесу ұйымдастырылды. Шараның ұйымдастырушысы – Кәсіпкерлер Палатасының Біржан сал ауданындағы филиалының директоры Кенжебаева Ақмарал Нұрқанқызы. Іс шара мектеп бітірушілерінің болашақ мамандығын таңдауға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Колледжімізді таныстыруға оқытушылар Уразова К.К., Бекбулатова Ж.К., зертханашы Дмитраш Н.А. атсалысты. Оқушыларға колледжіміздің мамандықтары, колледжге түсу шарттары таныстырылып, оқу орны туралы бейнеролик көрсетілді.